Бейжіңде Наурыз мейрамы тойланды
АСТАНА. KAZINFORM – 29 наурызда Қытай астанасында Наурыз мерекесіне арналған «NAURYZFEST» ауқымды фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі тілшісі.
Фестивальдің өзегі – қазақтың дәстүрлі киіз үйі, кіре берісінде құрметті қарауыл тізілген, дәстүрлі сауыт киген жауынгерлер. Фестиваль бағдарламасы қайырымдылық, гастрономия және концерттік бағдарламаны біріктірді.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі «Sandyq» ұлттық тағамдар мейрамханасымен бірлесіп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. «Алтын дала» сауда үйі мен QazTrade қазақстандық өнімдердің көрмесін ұсынды. Қонақтар қазақ қолөнершілерінің туындыларын да тамашалады.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев мерекенің мейірімділікті ұмытпауға, қайырымдылықты бағалауға, табиғатпен үндестікте өмір сүруге шақыратын терең философиясына тоқталды.
«Халықтың түсінігінде нағыз көктемнің символы болған дала қызғалдағы Ұлы даланың «Наурыз мейрамының» басты символына айналды. Бейжіңдегі Наурыз мейрамының Қазақстан-Қытай мәдениеті жылы аясында өтіп жатқанының символдық мәні бар», - деді ол.


Фестивальдің ерекше сәті Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы үш жас отандасымыздың болашаққа деген сенімді қадамын бейнелейтін «Тұсаукесер» рәсімі болды.
Жас би ұжымдары мен «Қазақ концерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» балет ұжымы және басқа да өнерпаздар өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Белсенді демалыс әуесқойлары «асық ату», «архан тарту» және «тоғызқомалақ» ұлттық ойындарынан сайысқа түсті.

Фестивальге Қытайдың мемлекеттік органдарының өкілдері, шетелдік елшілер, Қытайда тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шараны Қазақстан Елшілігі Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығымен бірлесіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Бұған дейін Мәскеуде Наурыз мейрамы тойланғанын жазған едік.