Жаңа жыл мерекесі кезінде Бейжіңге 8,8 миллионнан аса турист барған

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа жыл мерекесі кезінде Бейжіңге барған туристер саны 8,808 миллион адамға жетіп, қытай астанасына туризмнен жалпы 10,97 млрд юань (шамамен 1,56 млрд АҚШ доллары) кіріс әкелді. Бұл туралы қалалық Мәдениет және туризм басқармасы хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Бейжің
Фото: Синьхуа

Биылғы жылы Жаңа жыл мерекесі 1 қаңтардан 3 қаңтарға дейін өтті. Мерекелік кезеңде Бейжіңде мәдениет және туризм саласында әртүрлі кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өнер саласына қатысты деректерге сәйкес, есептік кезеңде Бейжіңде 275 коммерциялық қойылым өтті, олар 200 мыңнан астам көрерменді жинап, 76 млн юаньнан астам кассалық табыс әкелді.

Аталған басқарма мерекелік кезеңде 70-тен астам басты іс-шараны таңдады және Жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени және туристік іс-шаралар картасын шығарып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік іс-шаралардың толық нұсқаулығын ұсынды.

Сонымен қатар, қаладағы жаңа мүмкіндіктерді көрсету үшін 30 тақырыптық туристік маршрут іске қосылды. Бейжіңдегі түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері, оның ішінде мәдени орталықтар мен кітапханалар, 395 мәдени-алаңдық іс-шара ұйымдастырып, оған 340 мыңнан астам адам қатысты.

Бейжіңнің Сауда басқармасының деректері бойынша, Жаңа жыл мерекесі кезінде қаладағы маңызды кәсіпорындардың — сауда үйлері, супермаркеттер, арнайы бөлшек дүкендер, тамақтану орындары және электрондық коммерция платформаларының жалпы сатылым көлемі 4,04 млрд юаньды құрады.

Осыдан бұрын 2025 жылы Tesla электромобильдер сатылымында қытайлық BYD-ден артта қалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар