06:41, 21 Ақпан 2017 | GMT +6
Биатлон: Әлем чемпионатына қатысатын жастар құрамасы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпанның 22-28 аралығында Словакияның Осрблье қаласында биатлон спортынан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл біріншілікте еліміздің намысын мына спортшылар қорғайды.
Жастар: Роман Ерёмин, Пётр Ермоленко, Дмитрий Колесников, Александр Травников
Жасөспірімдер: Дионис Родунер, Иван Дарьин, Дмитрий Пушкарёв, Владислав Киреев, Дастан Дельдеш.
Жастар (қыздар): Елизавета Бельченко, Алина Слепенко, Людмила Ахатова.
Қыздар: Арина Пантова, Евгения Красикова, Оксана Чулкова, Ангелина Борисова.