Биатлоннан әлем кубогы: әйелдер спринтінде Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 19 наурызда Осло қаласында (Норвегия) биатлоннан әлем кубогының қорытынды кезеңі басталады.
Халықаралық турнир аясында өтетін алғашқы жарыс әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт болмақ.
Қазақстан атынан жарыс жолына 3 спортшы шығады. Бұл сайыста ел намысын Лаура Киныбаева, Милана Генева және Айша Ракишева қорғайды.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, биатлоннан әлем кубогы Астана уақытымен 20:15-те басталады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық 6 биатлоншы әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатынын хабарлаған едік.