14:05, 15 Қаңтар 2026 | GMT +5
Биатлоннан әлем кубогы: Қазақстан құрамасы ерлер эстафетасында бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Рупольдингте (Германия) биатлоннан әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 15 қаңтарда турнир аясында ерлер арасында 4x7,5 шақырымдық эстафета жарысы өтеді.
Қазақстан құрамасы сапында Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Александр Мухин сынға түседі.
Жарыс Астана уақытымен 18:30-да басталады.
Айта кетейік, бұған дейін өткен әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы 18-орынға тұрақтады.
Бұдан бұрын 14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталатынын хабарлаған едік.