11:27, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста жерлестеріміз алтын медальды олжалады
АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақ Азиада аясында бүгін Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 4х6 шақырымдық эстафета жарысы аяқталды.
Аса тартысты өткен бәсекеде Марина Лебедова, Олга Полторанина, Инна Можевитина, Елена Хрусталева Азия чемпиондары атанды. Олар жарысты 1:22:32.8 секундта аяқтады. Жеңімпаздардан 3 минут 54.2 секунд қалып қойған қытайлықтар ( Chunli Wang, Jialin Tang , Yinghui Xu, Yuanyuan Liu), жүлдегер атанды. Ал 4 минут 20,7 секунд кеш келген жапондықтар (Suzuki, Itsuka Owada, Ayako Mukqi, Natsuko Abe) қола жүлдегер атанса, 10:02.5 секундқа артта қалған корейлер (Kyoungmi Chu, Jihee Mun, Seora Kim, Kyungnam Kim ) 4-орынды қанағат тұтты.