Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – 28 қаңтарда Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан ашық Еуропа чемпионаты басталады. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, чемпионаттың алғашқы күні ерлер мен әйелдер арасында жекелей сайыс өтеді. Ерлер арасында Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Иван Дарьин және Егор Гребенщиков бақ сынайды. Жарыс Астана уақытымен 14:20-да басталады.
Ал 18:30-да басталатын әйелдер арасындағы сайысқа Кристина Титиевская, Арина Крюкова және Мария Польдяева қатысады.
Айта кетейік, Еуропа чемпионатының нәтижелері IBU кубогының жалпы есебіне кіреді. Турнир 1 ақпанға дейін жалғасады.
Бұдан бұрын «Барыс» хоккей командасы бүгін елордада «Адмирал» командасымен кездесетінін жазған едік.