15:21, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Биатлоннан республика чемпионатында шығысқазақстандықтар бірінші орын алды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында биатлоннан Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сергей Наумник эстафетада ел чемпионы атанды. Ал жеке жарыста ол жерлесі Алексей Тифановқа жол беріп, «күміс» медальды қанағат тұтты.
Халықаралық санаттағы спорт шебері 24 жастағы С.Наумник кеше ғана Финляндия, Норвегия, Ресей елінде қатар өткен Әлем кубогы жарысынан оралды.