Бибисара Асаубаева Үміткерлер турнирінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша ФИДЕ әлемдік рейтингінде екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Кипрдің Пафос қаласында өткен турнирден кейін қазақстандық спортшы рейтингте екі орынға жоғарылап, жетінші орынға тұрақтады. Оның еншісінде 2527,2 ұпай бар (+11,2 ұпай қосқан).
Рейтингтің алғашқы үштігін Қытай өкілдері бастап тұр: Хоу Ифань – 2596,0 ұпай, Лэй Тинцзе – 2566,0 және Цзюй Вэньцзюнь – 2559,0.
Үздік ондық мынадай:
-
Хоу Ифань (Қытай) — 2596,0
-
Лэй Тинцзе (Қытай) — 2566,0
-
Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 2559,0
-
Чжу Цзиньэр (Қытай) — 2546,0
-
Александра Горячкина (Ресей) — 2535,6
-
Хампи Конеру (Үндістан) — 2535,0
-
Бибисара Асаубаева (Қазақстан) — 2527,2
-
Анна Музычук (Украина) — 2521,8
-
Тань Чжунъи (Қытай) — 2516,6
-
Катерина Лагно (Ресей) — 2505,8.
Айта кетейіка, бұған дейін Бибисара Асаубаева Үміткерлер турниріне қатысқаны үшін оған төленетін сыйақының нақты мөлшері белгілі болған еді. Сондай-ақ Асаубаеваның Үміткерлер турниріндегі орнын жақсартқанын да жаздық.