Бибісара Асаубаева алғаш рет әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына қосылды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған әлемдік рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Бибісара Асаубаева
Фото: Kazchess.kz

Шілде айындағы ФИДЕ рейтингісінің тізіміне сәйкес, 22 жастағы қазақстандық гроссмейстер 2538 рейтинг ұпайын жинап, бұрынғы рейтингімен салыстырғанда екі сатыға жоғарылады.

Осылайша, Асаубаева мансабында алғаш рет әлемдегі ең мықты 5 шахматшының қатарына енді.

п
Фото: fide.com

Әлемдік рейтинг көшбасшысы Қытай өкілі Хоу Ифань болып қала береді. Алғашқы бестікке оның отандастары Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь кіреді.

Асаубаева табысты жолын жалғастырып жатыр. Маусым айында ол беделді Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін ФИДЕ 2026-2027 әйелдер циклінің жалпы есебін басқарды. Бұл оның келесі үміткерлер турниріне шығуға позициясын нығайтты.

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде әлем чемпионын жеңген болатын.