Бибісара Асаубаева FIDE рейтингіндегі орнын сақтап қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа рейтинг кестесінде Асаубаева бесінші орында, деп хабарлайды Informsports.kz.
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2026 жылғы қыркүйектегі рейтингісін жаңартқаннан кейін әлемдегі ең күшті ойыншылар қатарындағы орнын сақтап қалды.
Жаңа рейтингіде Асаубаева 2536 рейтингілік ұпаймен бесінші орында тұр. Бесінші орынды сақтап қалғанымен, қазақстандық спортшы алдыңғы рейтингімен салыстырғанда екі ұпай жоғалтты.
2026 жылғы қыркүйектегі FIDE рейтингінде әйелдер арасындағы үздік 5-тік мынадай:
1. Цзюй Вэньцзюнь (Кытай)
2. Тань Чжунъи (Кытай)
3. Лэй Тинцзе (Кытай)
4. Чжу Цзиньэр (Кытай)
5. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 2536.
Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде ең жақын қарсыласынан 20 ұпайға жуық алда келетінін жазған едік.