Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде әлем чемпионын жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің төртінші раундтағы кездесуін сәтті аяқтады.
Қазақстандық спортшының қарсыласы әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь болды.
Негізгі ойын тең аяқталды, содан кейін жеңімпаз армагеддонда анықталды.
Қосымша ойында Асаубаева ақ түспен ойнап, 6 минут 23 секундта жеңіске жетті.
Турнир қорытындысы бойынша ол 1,5 ұпай жинап, жалпы нәтижесін 7 ұпайға дейін жеткізді.
Төрт турдан кейін қазақстандық шахматшы Norway Chess Women-2026 турнир кестесінде көш бастап тұр.
Бүған дейін Асаубаева әлемдік элитадағы үздік жетілік қатарындағы орнын сақтап қалғанын жаздық.