17:20, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Биік бағанда 3 сағат бойы тікеден-тік тұрған бойжеткен алматылықтардың таңданысын тудырды - ФОТО
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше «Алматы-2» вокзалының алдында бір бойжеткен биік әрі жіңішке бағанның үстіне шығып алды. Сол тұрғаннан 3 сағат орнынан қозғалмады. Оның үнсіз әрекеті жолаушылардың таңданысын тудырды. Көп ұзамай әлеуметтік желіде тапжылмай тұрған қыздың суреттері мен видеосы жариялана бастады.

Жұмбақ жайтты түсіндіру үшін «Алматы-2» вокзалындағы Көліктегі ІІД желілік басқармасына хабарластық. Белгілі болғандай, бұл Алматы күніне орай өткізіліп жатқан ARTBAT FEST 6 фестиваліне қатысушы ресейлік суретші Ольга Кройтор екен. Суретші «Точка опоры» атты перфоманс көрсеткен.
Бұған дейін ол осы қойылымын Мәскеу халықаралық биенналесінде көрсеткен. Суретші алматылықтардың эмоциясын бақылау қызық болды дейді.