Биіктігі 21 метрлік алып ағаш құлап, екі адамды басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонгонгтың солтүстік батысында биіктігі 21 метрлік алып ағаш кенеттен құлады. Тап сол уақытта оның астынан екі адам өтіп бара жатқан.
None
None

Екеуі де басынан жарақаттанып , ауруханаға түсті. Бұл қытайлық баньян осы қалада соңғы үш күннің ішінде құлаған ағаштың осы түрінің екіншісі. Гонконгте нөсер жаңбыр тоқтаусыз жаууда. Осы жағдай себеп болуы мүмкін деген де болжам айтылып жатыр. Табиғатты қорғау қауымдастығының өкілдері үкіметке қаладағы қытайлық баньяндарды түгел есепке алып, тексеріп шығу жайлы өтініш жасады. Осы оқиға жайлы мына жерден көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар