Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанға 87 елдің азаматтары визасыз келе алады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті.

— Ішкі істер министрлігі көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шараларын қабылданып жатыр. Жалпы, қазір шетел азаматтарына қолайлы жағдай жасалған. Олардың елге кіру мен елде болу рәсімдері жеңілдетілді. Елімізге 87 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады, — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.
Министрдің бірін орынбасарының мәлімдеуінше, электрондық виза 107 елдің азаматтарына виза беріледі.
— 2020 жылдан бері Қазақстанға келетін шетелдіктер уақытша тіркеуден босатылды, бұрын 5 күн ішінде есепке тұратын. Қазір шетел азаматтарының келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауға міндетті («Е-Қонақ» қосымша арқылы). Биыл 900 мыңнан астам өтініш түсті. Тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін 14 800 адам жауапкершілікке тартылды. Осы орайда полиция шетел азаматтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — дейді ведомство өкілі.
Еске салсақ, елімізде демография және көші-қон саласын реттейтін мемлекеттік орган құру ұсынылған еді.