Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл Баянауылға 300 мың турист келеді деп күтілуде

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Павлодар облысындағы Баянауыл курорттық аймағына келетін туристер саны 300 мың адамға дейін жетеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ы
Фото: Kazinform

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде Баянауыл соңғы жылдардағы туристік инфрақұрылымды жаңғыртудың ең ауқымды кезеңдерінің бірін бастан өткеріп жатыр.

ч
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Сабындыкөл мен Жасыбай көлдерінің жағалауы кешенді түрде абаттандырылып, заманауи жағажайлар, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен қызмет көрсету нысандары салынып жатыр. Сабындыкөл жағасында ұзындығы бір шақырым болатын серуендеу аймағы бой көтерсе, Жасыбай көлінің орталық жағажайы спорт және балалар алаңдарымен, демалыс аймақтарымен, санитарлық модульдермен және фуд-корттармен жабдықталған.

ы
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

– Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Баянауыл курорттық аймағына 270 мың турист келді. Ішкі туризм көрсеткіші 27 пайызға, ал келу туризмі 25 пайызға артты. Биыл туристер саны 300 мың адамға дейін жетеді деп күтілуде, – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ жұмыс күнінің қорытындысы Сабындыкөл жағасында өткен Bayanaul FEST фестивалімен түйінделді. Фестиваль аясында спорттық жарыстар, отбасылық байқаулар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

ч
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Бас сахнада Жұбаныш Жексенұлы, KeshYou тобы, Нұрболат Абдуллин және Kalifarniya өнер көрсетті.

Айта кетейік, Баянауылда биыл туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып, олардың қатарында «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы да бар.