Биылға бөлінген білім гранттарының 4 пайызы қандастарға беріледі

жоо студент
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан азаматтығын алмаған ұлты қазақ адамдарға арналған квота туралы ақпарат жариялады. 

Қандас квотасы — 4%. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4 пайызы қандастарға беріледі. 

Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

«Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балы бекітілмеген» деп ескертеді орталықтан.

Қосымша сұрақтар бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына жүгінуге болады. Олардың байланыс нөмірі мына сілтемеде жарияланған. 

Соңғы жаңалықтар