Биыл бұршақ дақылдары мен майлы тұқымдардан рекордтық өнім алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл бұршақ дақылдары мен майлы тұқымдардан рекордтық өнім алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

Фасоль Атбас бұршақтар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

- Ауыл шаруашылығы маусымдық өсім кезеңіне енді. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 6,1 пайызға артып, қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа жеделдеді. Өсім өсімдік шаруашылығындағы көлемнің 7,6 пайызға ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Бұл қолайлы ауа райы мен дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты, - деді министр.

Оның дерегінше, екінші жыл қатарынан дәнді дақылдардың рекордтық өнімі алдынды. Өнім көлемі шамамен 27 млн тонна. 

- 1 млн тонна көлемде бұршақ дақылдарының және 4,7 млн тонна көлемде майлы тұқымдардың рекордтық өнімі алынды. Мақта жинау бойынша жоғары көрсеткіштер жоспарланып отыр. Жалпы сала бойынша ең жоғары өсуді Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті, - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, Үкімет елдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарап жатыр.

Соңғы жаңалықтар