Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Биыл елімізде неше жатақхана салынады

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының 19 маусымдағы депутаттық сауалына берген жауабында биыл елімізде студенттерге арналған неше жатақхана пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Алматыда студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталық ашылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

– 2026 жылға арналған жоспарда 18 жатақхананы (ЖОО студенттері үшін 5 366 орынға арналған 11 жатақхана және колледж студенттеріне арналған 1 491 орындық 7 жатақхана) пайдалануға беру көзделген, – делінген хатта.

Сонымен қатар мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары студенттерінің жатақханалармен қамтамасыз етілуін есепке алу бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық платформа құрылмақ.

– Жұмыс орталықтандырылған мониторинг жүргізу және тұратын студенттердің мәртебесін растау үшін «StudDom» АЖ-ны «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» АЖ-мен және жоғары оқу орындарының білім беру ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен Жоғары аудиторлық палата нұсқамасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. Жоспарланған аяқтау мерзімі – 2026 жылғы желтоқсан, – деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін депутат жатақхана орындарын бөлетін ұлттық цифрлық платформа құруды ұсынғанын жазғанбыз.