10:58, 09 Шілде 2024 | GMT +5
Биыл рекордтық көлемде жол жөндейміз – Марат Қарабаев
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев биыл елімізде қанша шақырым жол жөнделетінін айтты.

«Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш болып саналады.
Бұл ретте, жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі. Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады», - деді министр.
Оның сөзінше, жол жөндеу жобаларын іске асыруға 35 асфальт-бетон зауыты, 1 656 техника және 3 300 жұмысшы жұмылдырылған.