Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру қажет – министр

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың соңына дейін су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев айтты.

Жаслан Мәдиев
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

– Су ресурстарын есепке алу, мониторингілеу және талдау процестерін автоматтандыру мақсатында 2026 жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға беруді қамтамасыз етуі қажет. Бұдан басқа нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инженерлік желілерді цифрландыруды күшейту және деректерді онлайн-беру арқылы есепке алу аспаптарын енгізуді әкімдіктерге жеделдету ұсынылады, - деді ол.

Вице-премьер әкімдіктерге салалық жүйелерді интеграциялауды және бірыңғай тізілімдерді дамытуды жалғастыру қажеттігін баса айтты.

– Бұл деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, ашықтықты арттырады және суды үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді Жаслан Мадиев.

Бұған дейін «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар