Биыл Түркістан облысының 1 млн халқына таза ауызсу тарту жобасы басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл Өгем өзенінен Түркістан облысының бес ауданына құбыр тарту жұмыстары басталады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

ауыл, су тапшылығы, ауызсу мәселесі
Фото: Айбек Құттыбек/Kazinform

— Биыл Өгем өзенінде гидроэлектрстанциялар каскады бар су құбырын салу жөніндегі инвестициялық жобаның жобалық құжаттамасын әзірлеу басталады. Ол мемлекет-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылады, — деді министр.

Айтуынша, жобаның құны инфрақұрылымды есептемегеннің өзінде 191,7 млрд теңге болмақ.

— Жоба жыл сайын 110 млн текше метр ауызсу беріп, сағатына 72 МВт· электр энергиясын өндіруді көздейді. Бұл аймақтағы энергетикалық қуаттар тапшылығын ішінара жабуға, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының 1 миллионнан астам тұрғынын таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; — деді Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар