Биыл Жаңаөзен-Түркіменстан жолы орта жөндеуден өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында биыл жөндеу жұмыстарын көрмегеніне 50 жыл болған жолдарға қайла түсетінін айтты.

Өскемен мен Риддер арасындағы жаңа жол құрылысы неге созбалаңға салынып кетті
Фото: Kazinform

- 2029 жылға дейін 3 мың шақырым жолды бірінші және екінші санатқа ауыстыра отырып реконструкциялау көзделген. 

Қазір министрліктің алдына 4 бағыттағы 10 мың шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу міндеті қойылған.

Былтыр оның 5 мың шақырымында жұмыстар басталып, 1 мың шақырымы іске қосылды.
Биыл қалған 4 мың және жаңа 2 мың 600 шақырымда орташа жөндеу жүргізіледі.
Жалпы орташа жөндеумен қамту 6 мың 600 шақырымды құрайды, - деді минист.

Марат Қарабаевтың сөзінше, бұл әдіс жобаларды іске асыру мерзімін 3 есе қысқартып, шығындарды 7 есе азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

- Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан (1 358 км), Ақмола (1 262 км) және Абай (1 015 км) облыстарында ең ауқымды жұмыстар жоспарланған.

Сондай-ақ, 30 жылдан бастап 50 жылға дейін жөндеу жүргізілмеген Петропавл мен Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы (156 км), Қарағанды – Аягөз – Бұғаз (452 км) жолдары толығымен жөндеуден өткізіледі, - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін биыл елдегі автожолдардың ақылы учаскелеріндегі тарифтер орта есеппен 30 пайызға өсуі жоспарланғаны мәлім болған еді. 

Соңғы жаңалықтар