Биыл «Жасыл ел» жасағына 34 мыңнан аса адамды тарту жоспарланған

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 34 мыңнан аса адамды тарту жоспарланған
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.

Биыл «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 34 мыңнан аса адамды тарту жоспарланған
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын 14 жастан асқан астаналықтар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істей алатынын жазғанбыз.