Биыл жазда Павлодар облысында 45 жағажай жұмыс істейді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңірде суға түсу кезеңі ресми түрде маусым айынан басталады деп күтіліп отыр. Аталған мерзімге дейін жергілікті әкімдіктер жағажайларды дайындауы тиіс.

45 пляжей откроют летом в Павлодарской области
Фото: Артём Викторов/Kazinform

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өзен бойында жағажайларды ретке келтіру үшін Ертіс өз арнасына түсуін күту керек.

Ал Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, су 23 мамырға қарай толықтай қайтады деп күтіледі. Осыдан кейін коммуналдық қызметкерлер жағажайдың жағалау сызығын абаттандырумен айналысуы керек.

— Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, өңір аумағында суға түсуге арналған 45 ресми орын белгіленді. Оның ішінде 29-ы коммуналдық және 16-сы жекеменшік. Бұл жерлерде көпшілік үшін қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етіледі. Жағжайлардағы су түбін тексеріліп, құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады, — деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Жағажайлардың ең көбі Баянауыл ауданында орналасады. Мұнда Жасыбай мен Торайғыр көлдерінің 9 нүктесінде демалыс ұйымдастырылады. Одан кейін 6 демалыс орны бар Павлодар қаласы тұр, оның ішінде екеуі коммуналдық. Бұдан бөлек, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Ақтоғай, Ертіс, Железин, Шарбақты, Успен, Май, Павлодар аудандарында, сондай-ақ Тереңкөл мен Аққулыда болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда суға ұқыпты қарау мәдениеті күшейтіліп жатыр

 

Фото: