Биылдан бастап ерікті жарналар бойынша төлемдер өтінішсіз беріледі
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді өтінішсіз (проактивті) тәртіпте жүзеге асыру енгізілді.
Егер ЕЗЖ есебінен жинақтарыңыз болса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемдер БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде тағайындалады.
Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады:
— мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны рәсімдеу кезінде
— міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде
Төлем тәртібі:
* егер жинақ сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса — біржолғы төлем ретінде төленеді (2026 жылы — 828 588 теңге)
* ал егер одан көп болса — міндетті жарналар есебінен жасалатын төлемдермен бірге таусылғанға дейін ай сайын төленеді.
Қажет болған жағдайда, алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.
Проактивті тәртіп зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ бұған дейін ЕЗЖ есебінен төлемдерге жүгінбеген тұлғаларға қолданылады (соның ішінде 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар тұлғалар).
50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өз бетінше рәсімдей алады:
— enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
— мобильді қосымшада
— Қор бөлімшелерінде
Жаңашылдық төлем алу үдерісін жеңілдетуге және жинақтардың пайдаланылмай қалу тәуекелін азайтуға бағытталған.
Айта кетелік депутат еңбек өтілі негізіндегі зейнетақы үлгісіне көшуді ұсынған еді.