Биылғы Азия ойындарына Қазақстаннан 131 параспортшы қатысады

22-28 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін IV Азия параойындарына Қазақстанның ұлттық құрама командасы қатысады. Жарыста еліміздің намысын спорттың 14 түрінен 131 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Kazinform.

параспорт
Фото: Қазақстан параспорт федерациясы

Биылғы Паразиадаға 43 мемлекеттен 4000 спортшы қатысады. Онда 564 медаль сарапқа салынады. 

Алдыңғы үш Азия ойындарынан Қазақстан параспорт құрамасы 64 медаль алған. 

Оның ішінде 12 алтын, 23 күміс және 29 қола бар. 

Соңғы жаңалықтар