Билайн абоненттерінің саны 9 миллион адамға жетті

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны Қазақстан байланыс операторының тоғыз миллионыншы абоненті атанды.

Билайн абоненттерінің саны 9 миллион адамға жетті

Ол бұл нөмірді сайт арқылы сатып алған көрінеді. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда олардың белсенді абоненттерінің саны 3,5 пайызға ұлғайған.