22:51, 23 Шілде 2015 | GMT +5
«Билайн» компаниясының бас директоры көлік апатын жасағаны үшін ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қырғызстан астанасында "Скаймобайл" ("Билайн" ұялы байланыс компаниясының қырғыздық желісі) ұялы байланыс компаниясының бас директоры Олег Клочконы ұстады. Бұл туралы ТАСС Бішкек МІІБ баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлады.
"Клочко ағымдағы жылдың ақпанында жол-көлік апатының орын алуына себепкер болды деген күдікпен ұсталды. Оның мән-жайы әлі тергеліп жатыр", - деді баспасөз қызметінде. Қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, Клочко ісінің тергеу жұмыстарымен Қырғызстан ІІМ Тергеу басқармасы айналысып жатыр.
Қырғыздық "Билайн" ұялы байланыс желісі компаниясының бас директорына қатысты қандай бұлтартпау шарасы қолданылатынын сот органдары шешеді.