Білім беру саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздардың еңбегі ескерілді

Ақмола облыстық филармониясында «25 жұлдызды күн» жəне білім күні шеңберінде өткен өңір педагогтарының форумына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Елімізде білім беруді дамытудың жаңа моделі қалыптасу жəне даму үстінде. Мұғалім мамандағына əр кез сұраныс болды жəне болады да. Мұғалімдер өздерінің кəсібилігінің арқасында тұрақты түрде біліктіліктерін арттыруда», деді Н.Нүркенов.
Сонымен қатар, форум барысында TIMSS-2015 Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық нəтижесінің тұсауы кесілді. Осы ретте, Қазақстан математика бағытында білім беруде көш басынан орын алды. Оған ақмолалық мұғалімдер мен оқушылар да елеулі үлес қосып отыр.
Форум қорытындысы бойынша білімнің дамуына үлес қосқан бірқатар педагогтардың еңбегі ескеріліп, облыс басшылығы тарапынан марапатталды.