Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Білім беруді модернизациялау тақырыбы студенттік ортаның жанды қызығушылығын тудырды - ШҚМУ

ӨСКЕМЕН. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қаладағы ЖОО-ның ғалымдары, оқытушылар мен студенттері, ұзын саны 600-ден астам адам бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын тыңдау үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бесінші корпусындағы үлкен залға жиналды.

Білім беруді модернизациялау тақырыбы студенттік ортаның жанды қызығушылығын тудырды - ШҚМУ

«Президентіміз мемлекет Қазақстанда университеттік білім беру мен ғылымның жаңа деңгейін қамтамасыз ету керек деп атап өтті. Ол Үкіметке ЖОО-лардың инновациялық қызметке ауысуының, білім берудің сапасын арттыру үшін қаржы-экономикалық құралдарды енгізу мен жоғарғы білім сияқты, орта мамандандырылған техникалық білім беруді кеңейтудің тетігін әзірлеуді тапсырды», - деп атап өтті тілекей көрсетілім аяқалған соң ЖОО-ның құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы, ректордың кеңесшісі Геннадий Мостовенко.

Бүгінгі Елбасының халыққа арналған Жолдауы мен мемлекет іс-қимылының мәлім етілген жоспары, соның ішінде білім беру жүйесін қайта жаңғыртуға көшу бастамасы өңірдің ғылыми ортасында үлкен қызығушылық оятты.