Білім, еңбек және баспана жастарға лайықты болашақты қамтамасыз етеді - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Чернояр мәржаны» демалыс орнында Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді.
None
None

Аймақ жетекшісі «Бірлік.Единство.KZ» халықаралық шекарамаңы форумына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңесте жастардың ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылық тәрбиесінің, «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне облыста еріктілердің корпусын даярлаудың мәселелері қаралды.

Белсенділермен әңгіме барысында Е. Арын жас ұрпаққа лайықты болашақты үш негізгі басымдықты жүзеге асыру қамтамасыз ететінін атап өтті, олар - білім алу, жұмыс істеу мүмкіндігі және қолжетімді баспана.

Аймақ басшысының айтуынша, алда өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына түсетін үміткерлердің 10-15 пайызы 30-ға жасқа дейінгі жастар. 50 жас мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтырмақ.

Соңғы жаңалықтар