Білім күнінде СҚО-да қазақ мектеп-интернаты ашылды

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Мамлютка қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің қатысуымен қазақ мектеп-интернатының ашылуы болды.
None
None

Салтанатта сөз сөйлеген облыс әкімі осы оқиғаның Білім күнінде өтіп отырғанын және жаңа оқу жылымен сәйкес келуінің айрықша маңызын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жұмыс сапары кезінде солтүстікқазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне жоғары баға бергенін еске салды.

«Мұның жарқын көрінісі - заманауи жобамен салынған және жаңа үлгідегі бөлмелермен жарақталған осы мектептің ашылуы... Қай халықтың болмасын, қай заманда болмасын мектептің ашылуы өркениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. Біздің елімізде мектеп пен мұғалім - егіз ұғым. Ол қашанда Отанға, халыққа және туған жерге деген мейірімділікті, ізгілікті, махаббатты білдіріп келді», - деді Серік Біләлов.

Жаңа мектептің ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі мектепке дейінгі даярлық бөлмесін, мультимедиалық бөлмені, асхананы, кітапхананы және жатын корпусын қарап көрді. Әкім мекеме ұжымына «ГАЗель-Соболь» көлігінің кілтін тапсырды.

Жаңа мектеп-интернатта 400 бала оқиды, 200 бала жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 112 оқушы мектеп-интернатта тұрып жатыр. Мекемеде 24 ұстаз жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар