Білім министрі Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің материалдық-техникалық базасымен және мұғалімдердің әлеуметтік жағдайымен танысты

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев кеше, наурыздың 1-і күні Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында «Балдәурен» балабақшасын, мектеп-лицей мен жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат және М.Жұмабаев атындағы колледжді аралады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министр білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен және балалардың тамақтану сапасымен танысты. Өз әріптестері ? ұстаздардың да әлеуметтік көңіл-күйін назардан тыс қалдырмады. Сапар барысында Ж.Түймебаев аз жиынтықты мектептер проблемасына жіті көңіл бөлді. Облыста барлығы 634 мектептің 554-і осындай санатқа жатады.Министр «Балдәурен» балабақшасына түрлі-түсті суретпен безендірілген танымдық 500 кітап сыйласа, мектеп-интернат пен М.Жұмабаев атындағы колледжге бір-бір интерактивтік тақта тарту етті. Өңірдің педагогикалық қоғамдастығымен кездескен министр ұлттық білім беру жүйесін дамытудың келешегі жөнінде кеңінен тоқталып, осы бағыттағы өзекті мәселелерге көңіл бөлді. Бұл проблемаларды шешу - ұзақ та күрделі жұмыс. Оған мектеп ұстаздары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері және т.б. - барлығы бір адамдай атсалысып, қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ білім беру жүйесінің үздік қызметкерлеріне алғыс білдірді. Облыстық білім басқармасының орта білімді дамыту бөлімінің бастығы Нүрикамал Жұмабаева «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» белгісімен, Аққайың аудандық білім бөлімінің әдіскері Владимир Пильтяев Ы.Алтынсарин атындағы Құрмет белгісімен марапатталды. № 1 түзету мектеп-интернаты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Баян Әділшина, Тайынша ауданының Мироновка орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игорь Евладенко, Петропавл қаласының №26 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Валентина Астахова және Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының химия пәнінің мұғалімі Маржан Оспановаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы тапсырылды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ж.Түймебаев аймақтың білім беру басқармасының басшылығына аз жиынтықты мектептер үшін педагогикалық кадрлар даярлаудағы мәселелерді талқылап, оларды материалдық-техникалық базасын жақсарту, қаржыландыру, оқулықтармен қамтамасыз етуге байланысты нақты ұсыныстар тапсырып, министрлікке жіберу туралы тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар