Білім олимпиадасында жеңіске жеткен оқушыларға Cambridge Education Group грант тағайындайды

АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстанда Cambridge Education Group (CEG) бастамасымен ұйымдастырылған Білім олимпиадасының бірінші турына 23 мемлекеттік және жеке меншіктегі мектептен 200-ден астам оқушы қатысқан болатын.
None
None
Олимпиаданың үш турынан да сүрінбей өткен оқушылар 46 мың ағылшын фунт стерлингі көлемінде стипендиямен марапатталады.Қазірде 50 оқушы бірінші турдан сәтті өтіп, 2009 жылдың 7 наурызында болатын екінші турға қатыспақ. Олимпиаданың ақырғы сыны үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде Hyatt Regency Almaty қонақүйінде өтеді және баспасөз мәслихатында жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.Жеңіске жеткен оқушылар A-level немесе International Baccalaureate (IB) Diploma бағдарламалары бойынша тегін білім алатын болады. Аталған бағдарламалар CATS Cambridge немесе CATS Canterbury колледждерінде екі жыл оқуға мүмкіндік береді. Олимпиаданың соңғы туры Кембридж университетіне қабылдау комиссиясының стандарттары бойынша әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар