13:03, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Білім ұясында ашық есік күні өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - "Мектеп, ата-ана қауымдастығы– әлеуметтік серіктестер" жүйесінде құрылған Қызылордадағы №176 орта мектептің 8-11 сыныптары арасында жүргізілген тәлім -тәрбие жұмыстарының іс-тәжірибелері негізінде ашық есік күні ұйымдастырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әділет және құқық қорғау, білім және денсаулық сақтау, дін саласы мен мәдениет қызметкерлері, ата-аналар мен түрлі мамандық иелері қатысқан шаралар қызықты да тартымды өтті. Оқушы этикасы мектеп тәрбиесінен басталатынын дәлелдеген балалар өздерінің қоғам үшін қандай құндылықтары барын өзара пікірсайыста айқындады."Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз" атты ток-шоуға қатысушылар қыз-жігіттердің болашағы, тәрбиесі жайлы әңгіме қозғады. Пікірсайысқа қатысқан түрлі мамандық иелері кәсіптің жаманы болмайтынын, тек оны таңдай білу қажеттігіне тоқталды. Дөңгелек үстел басына жиналғандар отбасы мен бала, мектеп пен қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастар жайлы ой толғады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға қойылатын алғы шарттар, спорттық ойындар мен түрлі үйірмелер жұмысын жандандыру, темекі шегу, ішімдік ішу секілді жат қылықтардан бой тарту жайлы нақты пікірлер айтылды.? Бұған дейін бастауыш және 5-7 сыныптары арасында түрлі тақырыптарда ашық есік күнін өткізгенбіз,? дейді мектеп директоры Қадыркүл Шаймағанбетова.? Бұл шаралардың оқушыға берері мол. Ардагер ұстаздар шақырылып, олардың іс-тәжірибесі, ақыл-кеңесі тыңдалды. Түрлі үйірме жұмыстары, оқушылардың өзара пікірсайысы, жобалар сайысы баланың өзіндік ойлауын қалыптастырады.