Білім және ғылым министрлігі Шымкенттегі мұғалімнің дөрекі қылығына қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева Шымкенттегі мектептердің бірінде түсірілген бейнебаянға қатысты түсініктеме берді.
None
None

«Қазіргі уақытта Шымкенттің №11 мектебінде орын алған жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Білім беру заңының 51-бабында педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi белгіленген. Шешімді құқық қорғау органдары жасайды», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, аталған заңда педагог қызметкер оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi деп жазылған.

Онда мiндеттерi мен педагогтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапқа тартылуы мүмкiн екендігі де айтылған.

Соңғы жаңалықтар