Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Білім және ғылым вице-министрі: Мектептерде оқытудың жаңартылған стандарттары енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жаңа оқу маусымы ерекше біз білім берудің жаңартылған стандарттарын енгізетін боламыз. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті. Айта кетейік. Вице-министр Өскемен қаласында өтіп жатқан «Бiлiмдi eл - Мәңгiлік ел» білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты.

Білім және ғылым вице-министрі: Мектептерде оқытудың жаңартылған стандарттары енгізіледі

- Алдағы оқу жылында білім беру процесінде көптеген жаңалықтар енгізілгелі отыр. Жаңалықтардың ең біріншісі ретінде жалпы Қазақстанда бірыңғай базалық оқулықтар дайындалғанын айтуға болады. Бұдан бөлек, мектептерде «бес күндік сабақ» енгізіліп, үш тілді оқытуға мейлінше мән беріледі. Ал егер орта кәсіптік білім беру жүйесі туралы айтар болсақ, бұл ретте біз Мемлекет басшысының жүктеген міндетін орындай келе, 2017 жылдан бастап, бірінші кәсіптік білімді тегін оқытуға көшетін боламыз. Ол бойынша жастар нақты кәсіп иесі болып шығатыны қамтамасыз етіледі. Ал жоғары білім беру жүйесіне келсек, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарына маман даярлаудың мейлінше еркін жүйесі ұсынылып отыр.

-Оқу жылындағы жаңалықтардың тағы бір парасы ретінде мектеп бітіруші түлектердің тест сынақтарын қайта тапсыруына берілетін мүмкіндіктерді айтуға болады. Яғни, шекті 50 балл межесін еңсере алмаған түлектерге тағы бір бақ сынау мүмкіндігі беріледі. Ал осы шекті баллды екінші қайтара еңсере алмағандар үшін жоғары оқу орындарына ақылы түсуге бәрібір мүмкіндіктер қарастырылады. Олар кейіннен оқу жылының барысында басқа пәндерді қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан да, біз ағымдағы жылы шетелге білім алуға кететін жастардың саны айтарлықтай азаяды деп ойлаймыз.

-Айтыңызшы, осы қадам арқылы мемлекет тоқсаныншы жылдардың соңында орын алған «демографиялық шұңқырдың» орнын «тегістеп» жатыр деуге келе ме? Мәселен, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде осыдан 3-4 жыл бұрын 12 мың студент білім алса, қазір олардың саны 5 мыңнан сәл ғана асады ғой?

  - Әрине, осы арқылы «білім алумен қамтылғандар» пайызын бірден еселеп арттыруға болатын шығар, алайда Сіз айтып отырған проблема тек осы өңірдегі жоғары оқу орнына ғана тән мәселе емес. Бұндай проблеманы еліміздің көптеген жоғары оқу орындарынан байқауға болады. Оның үстіне мәселе тек «демографиялық шұңқырда» тұрған жоқ. Мектеп бітіріп, одан әрі жоғары оқу орнында білім алу үшін талпынған түлектер «шекті баллдың» кесірінен белсенді өмірден шеттеліп қалмауы тиіс. Бір оқу орнында жолы болмаса, еліміздің екінші өңіріндегі жоғары оқу орнына баруға жағдай жасауға тиіспіз. Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші рет тапсыруға жағдай жасау, кейіннен жоғары оқу орындарына ақылы оқуға түсуді қарастыру осының бәрі жоғарыда айтылған олқылықтарды жоюы керек.

- Сіз еліміздің шығысында өткен бүгінгі тамыз кеңесіне қатысып,  өткен оқу жылы маусымында қол жеткен жетістіктер туралы көрмені аралап, бұған қандай баға берер едіңіз?

- Шығыс Қазақстан облысы - қашаннан кәсіптік білім беру мен инновацияның флагманы. Қазіргі күні де облыс Қазақстандағы барлық облыстардың ішінде алғашқы болып үш тілділік бағдарламасына арналған ауқымды кешенді жоспарды енгізіп отыр. Бұл жағынан басқа облыстарды басып оздыңыздар. Сонымен қатар, бүгінгі тамыз кеңесінде біз қазақ тілін тереңдетіп оқыту мәселелерін, жалпы тілдерді оқыту әдістемелерін талқылап, білім беру саласының алдында тұрған міндеттерді сараладық. Бұл бағытта атқарылатын шаралар аз емес. Жұмыстар жеткілікті.

Мен бүгінгі сөз сөйлеу барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың атынан барша педагогтарды жаңа оқу жылының табысты басталуымен, сонымен қатар, алда келе жатқан 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтадым. Жалпы біз барлығымыз біріге отырып, мәртебелі мамандығымыздың басты құпиясын ашуға тырысамыз, бұл  балаларды бәсекелестік заманына сай дұрыс оқыту, оларды рухани, адамгершілігі жоғары қоғамның бөлшегі ретінде қалыптастыру. Бұл шын мәнінде мәртебелі әрі маңызды іс. 

null null null null null