Билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте – Қасым-Жомарт Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Бұл туралы «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы билік транзиті туралы сөз қозғауға әлі ерте екенін, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар екенін баса айтты. Сонымен қатар биыл саяси тұрғыдан алғанда қандай жыл болатынына тоқталды.

– Қазірдің өзінде нақты айта аламын: биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады. Мен конституциялық реформаға қатысты референдум өтетінін алдын ала айттым. Қазір сарапшылар тобымен бірге Ата заңымыздың редакциясына қатысты ұсыныстарды қарап жатырмын. Жоспарланған өзгерістер өте көп, бәрі тұтаса келгенде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасаймыз деуге болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды.

Соңғы жаңалықтар