Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 млрд доллар болды

ҚР СІМ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Бүгін Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келді.

 СІМ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүріп жатыр.

«Қазір халықаралық ахуалдың күрделілігі мен сын-тегеуріндеріне қарамастан, біздің елдеріміздің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ұстанымдары ұқсас. Бұған БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да алаңдар аясындағы тығыз өзара іс-қимыл мен қолдау дәлел. Жаһандық даму, қауіпсіздік, өркениет бастамаларын жоғары бағалаймыз және қолдаймыз. Олар жаһандық қауіпсіздіктің заманауи негізін нығайтуға, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетуге оң үлес қосатынына сенімдімін», - деді Мұрат Нұртілеуов қытайлық әріптесін қарсы ала отырып.

Министрдің айтуынша, Қытай Қазақстанның ең ірі сауда және экономикалық серіктесі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 30%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке 41 млрд долларға жетті. Сондай-ақ, Бейжің Қазақстанның үздік 5 инвесторының қатарына тұрақты кіретінін атап өткім келеді. Бүгінде біз мұнай-газ, металлургия, химия, агроөнеркәсіп және өзге де салаларда 7 млрд доллардан астам сомаға ондаған ірі өңірлік жобаларды ұйымдастырдық. Қазір бірқатар секторда 50-ге жуық бірлескен инвестициялық жоба іске асып жатыр», - дейді ол.

Қазір ведомство басшылары екіжақты құжаттарға қол қойылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар