Былтыр Қазақстан зауыттары 170 мыңнан астам көлік шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстандағы зауыттар 171 144 автокөлік шығарды.

Машина жасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті
Фото: ortcom.kz

- 2025 жылы Қазақстанда жалпы құны 2,3 трлн теңгеден асатын 171 144 барлық типті көлік құралы (жеңіл авто, автобустар, жүк көліктері) шықты. Бір жыл бұрын құны 1,9 трлн теңге болатын 145 290 техника өндірілген (+17,8%). Бұл өз кезегінде Қазақстан автоөндірісі тарихындағы ең үздік нәтиже. Жыл қорытындысы бойынша сала өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 8 пайызын қамтып отыр, ал машина жасау саласындағы үлесі – 41,7%, - делінген «Қазақстанның Автокөлік одағы» (ҚАО) мәліметінде. 

Былтыр зауыттарды жаңа жабдықпен қамту және автомобиль компоненттерін өндіру есебінен өндірісіке 113,6 млрд теңге инвестиция құйылды. Алматы мен Қостанайда жаңа зауыттар – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan іске қосылды. Бұл жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етті, сала мамандарының саны 11 153 адамға жетті.

Атап айтқанда, 2025 жылы саладағы жеңіл автомобиль өндірісінің үлесі әдеттегідей жоғары болды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу тәртібі өзгерді.

Соңғы жаңалықтар