Былтыр Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 51 мың өтініш қабылдады

халық шағымы
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM - 2023 жылдың қорытындысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен аумақтық департаменттер 51 мың өтініш қараған. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте комитет төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

- 2022 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 170 %-ды құрады. Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 44 пайызы тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетілді. 38% тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды. 18 пайыз АППК шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу үшін құзіреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді. 2023 жылы үлес салмағы бойынша ең көп өтініштер ол: 37 пайыз бөлшек саудада, 15 пайыз электронды саудада, 13 пайыз тұрмыстық қызметтер, 9,1 пайыз ТҮКШ. Шағымдарға жүргізілген талдау кәсіпкерлер тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзу деректері, бизнестің сапасыз тауарларды сатуын, сондай-ақ, сапасыз жұмыстар мен қызметтер көрсетуін, сонымен қатар, халықтың тұтыну мәдениетінің өскенін көрсетеді, - дейді Асқар Тынысбеков.

Аумақтық департамент өкілдері мемлекеттік бақылауды тұтынушылардың өтініштері негізінде жүзеге асырды. Былтыр 551 рет жоспардан тыс тексеру және 130 профилактикалық бақылау шаралары жүргізілген.

- 2022 жылмен салыстырғанда тексерулер санының өсуі 500 пайызды құрады. Заң бұзғандар жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 500 млн шамасында 63 бизнес субъектісіне айыппұл салынды. 618 бизнес субектісіне ескерту жасалды. Сонымен қатар, талап-арыз қызметі жүзеге асырылады. 2023 жылдың басынан бастап, барлығы 169 талап-арыз қаралды. Соның ішінде 109 арыз бойынша комитет пен департаменттер үшінші тарап ретінде жұмыс жүргізіп, қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары қорғалып, 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Өткен жылмен алыстырғанда өсу қарқыны 135 пайызды құрады, - дейді ол.

Бұдан бөлек комитет заңғай қайшы әрекеттердің алдын-алу мақсатында тұтынушылар арасында сауалнама жүргізіп тұрады. Былтыр ел бойынша 10 мыңнан астам респонденттен жауап алынып, талдау жасалған.

- Тұтынушылардың 65 пайызы елдегі медициналық қызметтердің сапасы мен емханалардағы ұзын-сонар кезекке шағымданған. 52 пайызы интернет-провайдерлерге көңілі толмайтынын айтады. Интернет жылдамдығының төмендігіне қарамастан, абоненттік төлемдерді негізсіз көтереді деп шағымданады,-дейді комитет төрағасы.

Жоғарыда айтылған олқылықтарды негізге ала отырып, жауапты министрлік жосықсыз бизнеспен жұмыс істеудің алдын-алуға бағытталған тиісті заң жобаларын әзірлеп, Парламент қарауына енгізген.

- Мәжіліс депутаттары осған қатысты 15 жұмыс тобын өткізіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда бұл ұсыныс тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ақпараттық жүйесі, электрондық сауда бөлігінде заң жобаларының ережелерін кеңейту және жеке хабарландырулардың интернет алаңдарында қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады, - дейді комитет төрағасы Асқар Тынысбеков.

Соңғы жаңалықтар
telegram