Биологтар адамның ең жақын досының отанын анықтады
Бұл қазіргі Қытайдың аумағында, Янцзы өзенінің оңтүстігінде болған екен. Зерттеушілердің мақаласы Molecular Biology and Evolution журналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін (2002 ж.) осы зерттеушілер иттер Азияда пайда болған деген жорамалды айтқан болатын, алайда олар жинаған дәлелдер жеткіліксіз деп танылған еді. Иттердің арғы тегі деп саналатын кәдімгі қасқырлар (Canis lupus) Африкада кездеспегенімен көптеген зерттеушілер адамның ең жақын досының отаны дәл осы құрлық деп санап келді.
Жаңа зерттеу аясында зерттеушілер Азияның, Еуропаның және Африканың 1500-ден астам иттеріне генетикалық сараптама жүргізді. Сонымен қатар, 40-қа жуық қасқырларды зерттеді. Нәтижесінде олар ұқсас гаплотоптардың - қандар комбинациялары топтарының басым саны дәл осы Қытайда кездесетінін анықтады.
Сонымен қатар, ғалымдар иттердің жануарлардың үлкен тобынан - бірнеше жүздеген жануарлардан пайда болғанын анықтап отыр. Ғалымдардың айтуынша, бұл аймақтағы археологиялық қазбаларға сәйкес келеді. Шамамен 10-12 мың жыл бұрын адамдар мұнда аңшылықтан жер өңдеуге көшкен.