Бір аптада елімізде 2,8 мың қылмыс жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің аумағында 2 862 қылмыс жасалды. Бұл туралы онлайн режимдегі брифингіде ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бір апта ішінде 2 862 қылмыс жасалды, оның 1 982-сі тәулік ішінде ашылды», - деді баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 47 тонау және 433 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Брифинг барысында адам саудасы фактілерін тергеу, интернет-алаяқтықты тергеу бағытындағы жұмыстар жайында мәлімет берілді.


Соңғы жаңалықтар