11:16, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Бір-бірін құтқармақ болған үш адам суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ошта бір-бірін құтқармақ болған үш адам суға кетті. Бұл туралы дүйсенбі күні ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды КирТАГ.
«Ош қаласында Ақ Бура өзенінің жағалауында демалу кезінде су Н. Бақтыбек қызын шайып кетті, кейін оның күйеуі К. Тоқтасынов оны құтқаруға ұмтылды. Оның соңынан Тілек Орманов пен Төлеген Сайдуллаев көмекке барды. Олардың үшеуі суға кетті, біреуінің жағдайы ауыр», - деп хабарлады ведомствода.
Тілек Ормановтың жағдайы ауыр.