Бір ғана каратеден 22 федерация бар – сенатор спорт ұйымдарының мәселесін көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдап, спорт федерацияларының жұмысын реттеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұрын балалар мен жасөспірімдердің жылына қанша жарысқа қатысуына болатындығын реттейтін нормалар болған. Қазіргі уақытта елімізде мұндай нормалар қабылданбаған. Осындай жағдайлар федерациялардың өз бетімен ашылып, жұмыс істеп жатқандығы да әсері. Елімізде бір ғана каратеден біз білетін – 22, таеквондодан – 6, аралас жекпе-жектен 4 республикалық федерация бар», - деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Депутат осыған байланысты балалар ағзасының ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие-жаттығу әдістемелерін дайындауды ұсынды. Сенатор сонымен қатар, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарындағы спорт федерацияларының рөлін күшейтуді, сондай-ақ кәсіби спорт клубтарын, барлық спорт түрлерінің спортшыларын, спорт түрлері федерацияларындағы жаттықтырушылар мен төрешілерді тіркеу керектігін және олардың қызметін лицензиялауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар