Бір тәулік бұрын суға кеткен 6 адамның денелері табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бір тәулік бұрын суға батып кеткен 6 адамның денелері табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Дүйсенбі күні Ақмола облысы, Жаңажол ауылының аумағындағы Нұра өзеніне 24 маусым күні батып кеткен 20 жастағы ер адамның денесі табылды. Оның мәйіті ҚР ТЖМ «Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Қапшағай қаласында ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД судан-құтқару қызметінің (7 адам мен 1 техника) күшімен бір күн бұрын қалалық саяжайда суға батып кеткен 15 жасар қыздың денесі шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Асубұлақ кентінің жанында орналасқан Тайынты өзеніне 24 маусым күні шомылу барысында суға кеткен 7 жасар баланың денесі табылды. Оның мүрдесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.

Сол күні Жамбыл облысына қарасты Белбасар ауылының аумағындағы Шу өзенінен бір тәулік бұрын батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі шығарылды. Жұмыстарға ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Дүйсенбі, 25 маусым күні Павлодар облысы Ертіс кентіндегі Ертіс өзенінде 24 маусым күні мерт болған 15 жасар бозбаланың денесі жер бетіне шығарылды. Оған ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы қатысты.

Сондай-ақ 25 маусымда Павлодар облысына қарасты Иса Байзақов ауданындағы Ертіс өзенінде 8 жасар баланың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар