Бір тәулікте 159 адам пневмонияға шалдыққан, бір адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 15 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Бір тәулікте 159 адам пневмонияға шалдыққан, бір адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 82 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 35 393, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 060 жетті.