Бір тәулікте 200 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 200 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір тәулікте 200 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

Өткен бір тәулікте коронавирустық пневмонияның 200 жағдайы тіркелді. 60 науқас емделіп шықты, 2-еуі қайтыс болды.

1 тамыз – 4 желтоқсан аралығында барлығы 42 880 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты. 450 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30852 жетті.