«Бiр терезе» қағидасы нәтиже беруде - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы ендi «ОNTUSTIK» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы болып аталады. Бұл жөнiнде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте аталмыш орталықтың директоры Олжас Тоғаев мәлiмдедi. Орталық 2012 жылы құрылған, кәсiпкерлерге «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетедi, деп жазады «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
Олжас Әдiлұлының айтуынша, кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары бүгiнде республиканың түкпiр-түкпiрiнде ашылып, оңтүстiкқазақстандық мамандармен тәжiрибе алмасып жүр. «Сондықтан өзiмiздiң орталықтың жұмысын жан-жақты дамытып, «ОNTUSTIK» брендiн әрi қарай қалыптастыру үшiн орталық атауын өзгерту жөнiнде шешiм қабылдадық. Бұдан былай «ОNTUSTIK» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы болып аталады» дедi О.Тоғаев.
Өңiрдегi КҚКО-лар консалтингтiк қызмет бойынша жыл басынан берi 21 117 азаматқа кеңес берсе, бұл көрсеткiш 2015 жылдың 6 айында 15 805-тi құраған. Сонымен қатар, Кәсiпкерлiк мектебiнде 4376 адам толық оқу курсынан өтсе, рұқсаттама құжаттарын ресiмдеу бойынша 2460 азаматқа қызмет көрсетiлген. Ал, маркетингтiк және бизнес жоспарлау бөлiмiнiң көмегiмен жасалған 892 жобаның 574-i қолдау тауып, жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге қаржыландырылған.
Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұсынысымен қол жеткен өзгерiстер жетерлiк. Мәселен, «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкер банктен несие алу үшiн мемлекет 70 пайыз кепiлдiк берсе, бүгiнде мемлекет кепiлдiгiнiң көлемi 85 пайызға жеткен. Ал, «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша несие пайызы 14-тен 6 пайызға түскен.
Жағымды жаңалықтардың бiрi, республика деңгейiнде қаралатын iрi бизнес жобалар конкурсына жолданған 11 ұсыныстың үшеуi қолдау тауыпты. Олар «ҚазАгроХолдинг» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық холдингтерi сынды республикалық қаржы ұйымдары арқылы қаржыландырылады. Қалған жобалар әлi қаралуда. Республика бойынша конкурсқа жалпы саны 33 жоба ұсынылған.
Сондай-ақ, орталық бүгiнде кәсiпкерлердiң жұмысын оңтайландыру мақсатында аграрлық сала өнiмдерiн экспорттау механизмiн қалыптастыруды қолға алмақ.